Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол апатына қатысты сот жарыссөз кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Прокурор айыпталушы Александр Пакты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруды сұрады.
Сот барысында марқұм Томирис Қыдырбектің әкесі 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті. Ал айыпталушының қорғаушысы бұл талапты қанағаттандырмауды сұрап, жәбірленуші тарапқа бұған дейін өтемақы төленгенін алға тартты.