Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер, "Кисло-Сладкий" лақап атымен танымал Дархан Жұмабек табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Дархан аман-есен табылған.
«Дархан аман-есен табылды. Осы уақыт бойы алаңдап, іздеуге атсалысып, ақпарат таратқан және қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамыз», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Парасат Ибраев қиын кезеңде түрлі алып-қашпа әңгіме мен негізсіз ақпарат таратқандар болғанын атап өтті.
Белгілі болғандай, қазір Дархан Жұмабек госпитальда жатыр. Оның денсаулық жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жарияланған жоқ.