«Құдайдан неге қорықпайсыңдар?»: Айгүл Иманбаева жанайқайын жеткізді (видео)

Өнер иесі үйінің маңынан тауып алған түрлі заттарды көрсетті.

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қорқынышты видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі үйінің маңынан тауып алған түрлі заттарды көрсетті. Айтуынша, мұндай дүниені адам қызғаныштан, көреалмаушылықтан жасайды. 

«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасып жатыр. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, (жасырын камера тұрғанын байқамайды ғой) оның үстіне жүрек бәрібір де сезеді. Айтпақшы, бұлардың нөкерлері көп жұмсайтын. Өздері жүрмейді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?» - дейді актриса.

Желі қолданушылары бұған таңданысын жасырмай, түрлі пікір білдіріп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.