Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Астананы 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде таңдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Жарыс 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнирге Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады.
ISU бұл шешімді Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Бұған 2026 жылдың ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер етті. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт сыйлаған.
Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.