«Қазгидромет» дауыл туралы ескертті

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +37...+39°C.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 23 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні  – 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық, жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Алматы қ.: 23 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.  Жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шымкент қ.: 23 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

23 маусымда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, 23 маусымда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

22-24 маусымда күндіз Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында 30-38 градус қатты ыстық күтіледі, 22 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстырының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

22-24 маусымда күндіз Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады, 23-24 маусымда Алматы облысының солтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

24-25 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық сақталады.

23 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні   –   15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз  35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

23 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші    15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

23 маусымда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда күндіз Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,  екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында қатты ыстық 35 градус болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Қызылорда облысында түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

23 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда күндіз Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда шанды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда күндіз Павлодар облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 маусымда Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.