Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

AZAL әуе компаниясы "Шымкент – Баку" бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биылғы жылдың 16 маусымынан бастап AZAL әуе компаниясы "Шымкент – Баку" бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Нәтижесінде, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33 рейске дейін ұлғайды.

Сонымен қатар әуе компаниясы "Ақтөбе – Баку" бағыты бойынша аптасына 3 рет және "Атырау – Баку" бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлауда.

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.