Өзбекстанда COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 60-қа жетті. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус Түркиядан келген Наманган тұрғынынан анықталды. Қазіргі кезде ол оқшауланып, Наманган облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге, Наманган әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурыз күні сағат 00:01-ден бастап аудандардан Наманган қаласына, сондай-ақ Наманганнан аудандарға және Өзбекстанның басқа да аймақтарына көліктің кез келген түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 88-ге жетті.