Баламен коронавирус жайлы қалай сөйлесу керек?
Баламен коронавирус жайлы қалай сөйлесу керек?
Фото: Автордан
196
оқылды
Қазір әлемді шарпыған коронавирус (COVID-19) індеті жайлы есту көпшілікке ауыр тиіп жатыр. Әрине, оның ішінде балалар да бар. Оларға интернеттен немесе теледидардан көрген немесе  адамдардан естіген ақпаратты түсіну қиын. Сондықтан балаңызда осы жайтқа қатысты  алаңдаушылық пайда болуы заңды құбылыс. Осы орайда БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мамандары баланың бойындағы жайсыз сезімді жоятын, тыныштандыратын және өзін қорғап қана қоймай, құрдастарына көмектесуіне пайдасын тигізетін 8 кеңесті атады.
  1. Ашық сұрақ қойып, тыңдаңыз

Балаңызбен тыныш жерде сөйлесу үшін арнайы орын тауып,  уақыт бөліңіз. Балаңыздың осы тақырып жайлы не білетінін анықтап, айтқанын бөлмей тыңдаңыз. Егер баланың жасы тым кішкентай болып, ол осы ауру туралы мүлде естімеген болса,  сізге бұл тақырыпты көтерудің қажеті жоқ. Сондықтан  қауіпті жағдай жайлы айтпай, гигиена ережесін қалай сақтау керегін  көрсетіңіз. Балаңыздың өзін еркін сезініп сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз. Ол үшін сурет салу, тарих жайлы айтып беру және басқа да әдістер арқылы ашық сөйлесуіне жағдай жасаңыз. Ең бастысы, олардың проблемаларына болмашы нәрсе ретінде қарамаңыз. Мұндай  жағдайда қорқыныштың пайда болуы заңды екенін түсіндіріңіз. Өзіңіздің мұқият тыңдап отырғаныңызды білдіріп, кез келген уақытта сізбен және оқытушыларымен сөйлесе алатынын түсіндіріңіз.
  1. Балаға түсінікті тілмен шындықты айтыңыз

Балалар әлемде не болып жатқаны туралы шынайы ақпаратты білуге құқылы. Дегенмен оларды  қандай да бір зақым  келтіретін ақпараттан қорғау керек. Балалардың жасына лайық келетін тілде сөйлесіп, олардың реакциясын қадағалап,  мазасызданбауына көңіл бөліңіз. Егер олардың сұрақтарына жауап таба алмасаңыз, жауапты ойыңыздан шығармаңыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың веб-сайттары –  ақпарат алудың сенімді көзі. Балаларға интернеттегі  кейбір ақпараттардың   шынайы болмайтынын және тек сарапшыларға сену керегін түсіндіріңіз.   [caption id="attachment_30583" align="alignnone" width="1024"]бала, коронавирус, COVID-19, қамқорлық Фото: Интернеттен алынды[/caption]
  1. Өздерін және достарын қалай қорғауға болатынын көрсетіңіз

Балаларды коронавирустан және басқа аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – қолды үнемі жуып тұруға ынталандыру. Оны қорқыту арқылы үйретпеңіз. Балаға ұнайтын жағымды әнді қойып немесе ән айтып, би билеп қол жуу ережелерін қызықты етіп үйретіңіз. Балаларға жөтелген  немесе түшкірген кезде ауызды  бүгілген шынтақпен  жабу керегін көрсетіп, осындай симптомдары бар адамдарға жақындамауды түсіндіріңіз. Егер қызу, жөтелу немесе тыныс алу жолдары қиындаған жағдайда сізге дереу айту керегін түсіндіріңіз.
  1. Көңілін көтеріңіз

Теледидардан немесе интернеттен үрей тудыратын  кадрларды көрген кезде айналаның бәрі дағдарысқа ұшырағандай  көрінеді. Балалар экрандағы бейнелер мен өз өміріне қатысты шындықты ажырата алмауы мүмкін. сондықтан олар бейнедегі жағдайды өздеріне төніп тұрған қауіп ретінде түсінуі мүмкін. Балаларыңызға күйзелістен шығу үшін мүмкіндігінше көбірек ойнауға және демалуға жағдай жасаңыз. Әдеттегі күн тәртібін, әсіресе ұйықтау тәртібін, барынша ұстаныңыз немесе жаңа ортаға лайық жаңа күн тәртібін құруға көмектесіңіз. Егер сіздің ауданыңызда аурудың өршуі орын алса, онда балаларыңызға осы аурудың оларға жұғуы екіталай екендігін, коронавирусы бар адамдардың көпшілігі өте қатты ауырмайтындығын және көптеген адамдар отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық күш-жігерді жұмсап  жұмыс атқарып жатқандығын түсіндіріңіз. Егер балаңыз өзін нашар сезінсе, онда өзінің және достарының қауіпсіздігі үшін үйде/ауруханада болудың қажеттілігін түсіндіріңіз. Оларға осының қиын (қорқынышты немесе тіпті ішпыстырарлық) екендігін білетініңізді  айтып, осыған қарамастан ережелерді сақтау баршаның қауіпсіздігі үшін маңызды екендігін айтыңыз.
  1. Стигмаға (таңба қою арқылы кемсіту) қатысын тексеріңіз

Коронавирустың өршуі нәсілдік кемсітушіліктің көбеюіне әсер етті. Сондықтан балаңыздың осындай қорлықты сезініп жүрмегеніне және қорлауға себепші болмауына көз жеткізу маңызды. Балаңызға коронавирус адамның нәсіліне, сыртқы келбетіне немесе қай тілде сөйлейтініне қатысты болмайтынын түсіндіріңіз. Егер мектепте басқалар оларды мазақтаса немесе кемсіткен болса, онда бұл жайлы өздері сенетін ересек адамға айтып беру керегін айтыңыз. Балаңызға әр оқушының мектепте қауіпсіз жағдайда болуға құқылы екенін ескертіңіз. Қорқыту – дұрыс емес. Сондықтан бір-бірімізге мейірімділік танытып, бір-бірімізді қолдау үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.   [caption id="attachment_30584" align="alignnone" width="1024"]бала, коронавирус, COVID-19, қамқорлық Фото: Интернеттен алынды[/caption]
  1. Үлгі көрсетіңіз

Балаларға басқа адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымдылық пен  жомарттық танытуын үлгі ретінде көрсетіп отырыңыз. Бұл маңызды. Аурудың өршуін тоқтатуда,  адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмыс атқарып жүрген  денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар, жастар және басқа да тұлғалар туралы әңгімелермен бөлісіп отырыңыз. Себебі  қамқор адамдардың осындай шараларды іске асырып жатқанын білу – балалар үшін үлкен жұбаныш.
  1. Өзіңізді күтіңіз

Егер сіз өзіңізге қажетті күтім көрсетіп, қамқор бола алсаңыз, онда балаңызға да жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарға деген реакцияңызды бірден сезеді. Сондықтан өзіңіздің сабырлы болып, жағдайды бақылауда ұстап отырғаныңызды көру олар үшін көмек болады. Егер сізді бір жайттар мазаласа немесе көңіл күйіңіз бұзылып отырса, демалуға уақыт тауып, күшіңізді  қалпына келтіруге уақыт бөліңіз.
  1. Қамқорлық көрсетіңіз

Балаларға ата-аналарының қиын жағдайда қалдырмайтынын білу маңызды. Балалармен сөйлесіп болғаннан соң олардың бойындағы мазасыздық деңгейін байқап көріңіз. Денесінің қалай қозғалатынын, қалай тыныс алуын және дауыс ырғағын қадағалап, өзгерістің бар-жоғын бақылаңыз. Балаларға кез келген уақытта сізбен сөйлесуге болатынын қайталап ескертіңіз. Оларға қамқорлығыңызды білдіріп, әрқашанда тыңдауға дайын екендігіңізді айтыңыз. Егер оларды бір нәрсе мазаласа, көмекке келуге дайын екеніңізді жеткізіңіз.