Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының үшінші күні ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» командасы тағы бір жарқын жеңіспен қуантты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Арқан тартыс сайысында күш пен жігерді, ұйымшылдық пен табандылықты бір арнаға тоғыстырған жас ұландықтар барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды.
Жарыс барысында команда мүшелері қайсар мінез бен мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Әрбір тартыс олардың жеңіске деген жігерін, рухының мықтылығын және жоғары дайындық деңгейін айқын аңғартты.
Нәтижесінде, «Жас Бүркіт» командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, өздерінің мықты екендіктерін тағы бір рет дәлелдеді.
Бұл жеңіс – тек физикалық күштің ғана емес, сонымен қатар командалық рухтың, тәртіптің және Отанға деген адалдықтың жеңісі. Жас ұландықтардың жетістігі олардың болашақта да биік белестерді бағындыра алатындығын көрсетеді.
Автор: Алида Алибек