Алдымен үкімет өкілі еліміздегі ең ірі стратегиялық кен орындарының бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнына барды. Жоба операторы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы халықаралық консорциум аясында жұмыс істеп жатыр. Онда қазіргі өндірістік көрсеткіштер мен жобаны дамытудың келешегі талқыланды. Делегация кен орнының негізгі өндірістік нысандары жұмысымен, сондай-ақ инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, оның ішінде қуаттылықты одан әрі кеңейтуге бағытталған ҚРК-1Б жобасымен танысты.
ҚПО бас директоры Марко Марсили компания қызметіне шолу жасап, кейінгі жылдары жүзеге асырылған жобалар консорциумның жоғары күрделіліктегі міндеттерді тиімді орындау қабілетін көрсеткенін атап өтті.
Өз кезегінде Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ саласының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталып, өнеркәсіптік өсудің негізгі драйверлерінің бірі ретінде атады.