Белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев әлеуметтік желілерде өзі туралы жалған ақпарат таралғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алаяқтар дәрігердің атынан дәрі-дәрмек жарнамалағысы келген. Сөйтіп оны «қайтыс болды» деп жалған ақпарат таратқан. Мұны журналистер айтып жатқандай етіп, фейк видео дайындаған. Осыны көрген көпшілік алаңдап, дәрігерге хабарласа бастаған.
Белгілі болғандай, бұған тіпті медицина қызметкері алданып қалған. Дәрігер көпшілікті барынша сақ болуға шақырды.
«TikTok-тан көргеннің бәріне сене бермеңіздер. Мен аманмын. Қазір операцияға кірейін деп отырмын, алдымда екі науқас жатыр. Соларды отаға дайындап жатырмыз. Аман-есенмін, алаяқтарға сенбеңіздер», - деді нейрохирург.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.