Әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі әріптестері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов туралы әзілдеді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол "МузАРТ" тобындағы екі әріптесін орден алуымен құттықтап, тілегін әзілмен жеткізген.
"Менімен бірге алуларың керек еді. Реті бүгінге келіп тұр екен. Еңбектерің бар, жарайсыңдар, құтты болсын! Енді сендермен ән айтуға болады. Әйтпесе түрлеріңді көргім келмей отыр еді", - дейді әнші.
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп, жылы лебізін жазып жатыр.
«Ай, ағасы, қатырдыңыз», «Қатты кетіп барасың, Маке, болып тұр ғой», «Әзілі жарасқан ағалар», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.