Қазақстанның 2026 жылғы ТОП-5 үздік туристік ауылы анықталды

«Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауы қорытындыланды.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жыл сайын өткізілетін «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауын қорытындылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи әрі мәдени мұрасы ерекше ауылдық аумақтарды ілгерілетуге бағытталған.

2026 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздің ең үздік туристік ауылдарының қатарына келесі елді мекендер енді:

* Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);
* Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);
* Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
* Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
* Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).

2025 жылы бұл байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетсек, Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді  Best Tourism Villages by UN Tourism  марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына кірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.