Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Гагарин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты коммуникацияларынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, энергетиктер және авариялық қызмет мамандары жедел жетті. Қауіпсіздік мақсатында аумақ қоршауға алынып, қажетті шаралар қабылданды.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толықтай сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себептері анықталып жатыр.