Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.