«Ажырасқан соң бас тарттым»: Мөлдір Мұқан неге қыз ұзатпайтынын айтты (видео)

Ол қыз ұзатпау туралы шешім қабылдағанына ажырасуы себеп болғанын жасырмады.

Әнші, продюсер Мөлдір Мұқан қыз ұзатуға қатысты ұсыныстардан неге бас тартатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қыз ұзатпау туралы шешім қабылдағанына ажырасуы себеп болғанын жасырмады.

"Мен оны жасырмаймын. Өзім бас тартамын. Сіз мені жақсы көріп тұрған боларсыз. Сеніміңізге рақмет. Бірақ сіздерден басқа ол тойда 200 адам қарап тұр. Қалай болғанда да біздер ырымға, наным-сенімге сенетін халықпыз", - дейді ол.

Желі қолданушылары оған жылы лебізін білдіріп, қандай шешім қабылдаса қолдайтынын жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.