Барлық өңірде қолайсыз ауа райы болады: синоптиктер ескерту жасады

Бірқатар аймақта аптап ыстық болып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазгидромет 26 маусымда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктер еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.

Бірқатар аймақта аптап ыстық болып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауылды жел мен тұман болжанып отыр. Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысында түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай. Күндіз батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болса, солтүстік пен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде шығыста, күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ пен дауыл болады. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-36 градусқа дейін жетеді. Солтүстігі мен шығысында төтенше, басқа аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батысы, шығысы және оңтүстігінде төтенше, басқа аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, батысы мен солтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігі мен шығысында төтенше, басқа аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр жалғасып, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында түнде солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз аптап ыстық 35-38 градус болады. Солтүстігінде төтенше, басқа аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаевта шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с-тен асады. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз ауа температурасы 35-36 градус болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз аптап ыстық 40-41 градус болады. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда облысында солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстігінде төтенше, орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстігі мен батысында 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында түнде батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігі, орталығы және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, тұман түседі. Күндіз батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде батысы, солтүстігі және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.