Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.
Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.