Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанмен бірге түркітілдес елдер де атап өтіп жатыр. Түркиялық әнші Айбен Ерсой Абайдың «Көзімнің қарасын» шырқап, бейнебаян түсірді.
Әнші Instagram-дағы парақшасында: «Биылғы маусым айында Қазақстанның астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді. Біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты туындысын заманауи аранжировкада әзірледік. Өткен аптада Ыстамбұлдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті маңында клип түсірдік. Өкінішке қарай, қауіпті коронавирустың таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Алайда біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік», – деп жазды.https://youtu.be/liBQXfLxyYQ Сондай-ақ әнші Абай мұрасын әлемге насихаттауға үлес қосқанына мақтанышпен жеткізген.