Астанада 27-28 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 27 және 28 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.