Астанада әскери қызмет кезінде алған ауыр бас жарақатынан кейін екі жыл бойы емделіп, көз жұмған Ербаян Мұхтар ақтық сапарға шығарып салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жас сарбаздың жаназасы Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте өтті. Марқұммен қоштасуға туған-туыстары, жақындары, достары, сондай-ақ Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Анасына көңіл айтуға келген тұрғындар да көп болды.
Жаназа намазынан кейін Ербаян Мұхтар елордадағы зираттардың біріне жерленді.
Еске салған жөн, 22 жастағы Ербаян Мұхтар әскери қызметін өтеу кезінде ауыр бас жарақатын алған. Ол екі жыл бойы ем қабылдағанымен, қайтыс болды. Марқұмның жақындары оның өліміне кінәлілер толық анықталып, заң аясында жауапқа тартылуға тиіс екенін айтып отыр.