Конституциялық Сот ажырасқаннан кейін ата-ананың баламен араласу құқығын қорғауға қатысты маңызды шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Енді сот шешімінің орындалуы үшін өз пайдасына үкім шыққан ата-анадан жеке сот орындаушысының қызметіне ақы талап етілмеуге тиіс.
Бұған дейін баламен кездесу туралы сот шешімі орындалмаған жағдайда, өз құқығын жүзеге асыру үшін жеңіске жеткен ата-ана да жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге мәжбүр болатын.
Конституциялық Сот мұндай талапты Конституцияға қайшы деп таныды. Соттың пайымынша, азаматтың заңды құқығын жүзеге асыруына материалдық кедергі келтірілмеуі керек.
Осыған байланысты Үкіметке алты ай ішінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу тәртібін Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкестендіру тапсырылды.