Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші бұл жаңалығын романтикалық жазбамен бөлісіп, ұзақ уақыт жасырып келген сезімі туралы айтты.
«Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді… Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол – "Иә" деді», – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі жұптың жас айырмашылығы мен сырт келбетіне қатысты түрлі пікір білдірді.
Сын пікірлердің біріне жауап берген Жігер Ауыпбаев: «Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес. Мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – деп жазды.