Бекзат Алмахан Бакудегі UFC турнирінде жеңіліп қалды

Асу Алмабаев та бүгін өнер көрсетеді

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан Бакуде өткен UFC турнирінде жапониялық Жану Мацумотодан төрешілер шешімімен жеңілді. Бұл жекпе-жектен кейін Алмаханның кәсіби рекорды 12 жеңіс, 4 жеңіліс болды.

Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі төртінші жекпе-жегіндегі үшінші жеңілісі. Сонымен қатар ол ұйымдағы соңғы екі кездесуінде қатарынан ұтылып отыр.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде тағы бір қазақстандық спортшы Асу Алмабаев октагонға шығады. Жеңіл салмақтағы №8 рейтинг иесі Алмабаев №13 орында тұрған америкалық Чарльз Джонсонмен кездеседі. Жекпе-жек шамамен Астана уақытымен 22:00-де басталады.