Асу Алмабаев UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дің Бакуде өткен турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша Алмабаев кәсіби мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізді, ал Джонсонның еншісінде 9-жеңіліс тіркелді.

Бұл жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтті. Октагонда UFC рейтингінің №9 және №14 спортшылары кездесіп, жеңіс қазақстандық файтердің еншісіне бұйырды.

 

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы UFC турнирінде қазақстандық Бекзат Алмахан жапониялық Жану Мацумотодан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.