Жамбыл облысы Жуалы ауданында, «Алматы–Ташкент» автожолының бойында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі жол апатынан кейін өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға Нұрлыкент ауылы маңында болған. Жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды қысқа уақытта толық сөндірген.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.