Лионель Месси рекорд жаңартты: Аргентина құрамасы плей-оффқа бірінші орынмен шықты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

Соңғы турда Аргентина Иорданияны 3:1 есебімен жеңіп, J тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Лионель Месси екінші таймда алаңға шығып, айып добынан гол соқты. Осылайша аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаттарындағы қатарынан жетінші матчында мергендік танытып, турнир тарихындағы жаңа рекордтың авторы атанды. Сонымен қатар ол кәсіби мансабындағы 917-ші, ал Аргентина құрамасы сапындағы 123-ші голын соқты.

Топтық кезеңнің соңғы ойындарында Португалия мен Колумбия 0:0 есебімен тең түсті. Ал Өзбекстан Конго Демократиялық Республикасынан 1:3 есебімен жеңіліп, бірде-бір ұпайсыз әлем чемпионатымен қоштасты.

Енді турнирдің плей-офф кезеңінде 32 құрама чемпиондық атақ үшін таласады.