Алматы қаласында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Соның нәтижесінде Түрксіб ауданындағы жалпы аумағы 14,6777 гектар болатын сегіз жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.
Аталған жерлер бұған дейін «Алматы ЗТО» ЖШС-нің иелігінде болып, тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған. Бірақ тексеру барысында олардың ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.
Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгенімен, кейінгі тексеріс талаптардың тек ішінара орындалғанын көрсетті. Аумақ тазартылып, бір учаскеде өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылмаған.