Алматы облысының Кеген ауданында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімін алып беруге көмектесетінін айтып, олардың сеніміне кірген.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті осы сылтаумен кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам қаражат алған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істі Кеген аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.