Астанада ескі вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

Оқиға кезінде асхана ішінде сегіз-тоғыз адам болған.

Астанадағы ескі теміржол вокзалында орналасқан асхананың төбесі опырылып түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға кезінде асхана ішінде сегіз-тоғыз адам болған.

Куәгерлердің айтуынша, келушілердің көпшілігі дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Бір әйел жеңіл жарақат алып, алғашқы медициналық көмекке жүгінген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, оқиға 28 маусым күні таңғы сағат 05:35 шамасында вокзал аумағындағы «Етас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болған. Медициналық пунктке екі адам жүгінгенімен, олар жедел жәрдем шақырудан бас тартқан.

ҚТЖ асхана орналасқан нысан ескі вокзал ғимаратының жекеменшік бөлігінде екенін, сондықтан оның техникалық жағдайына меншік иесі жауапты екенін мәлімдеді.