Венесуэлада жер сілкінісінен кейін 33 адам құтқарылды, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалған – Reuters

Ел билігі жүздеген адам жоғалғанын немесе үйінді астында қалғанын хабарлаған

Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқарушылар 33 адамды аман алып шықты. Олардың арасында балалар да бар.

Reuters мәліметінше, апаттан қаза тапқандар саны 1400-ден асқан. Ең көп зардап шеккен аймақ — Ла-Гуайра штаты.

Ел билігі жүздеген адам жоғалғанын немесе үйінді астында қалғанын хабарлаған. Ал оппозиция қолдаған сайтта 50 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде көрсетілген.

Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында қалған адамдарды тірі табу мүмкіндігі алғашқы 72 сағаттан кейін күрт төмендейді. Қазір шетелдік құтқару топтары жергілікті мамандармен бірге іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ 3 мыңнан астам адамның жараланғаны, тағы шамамен сонша адамның уақытша паналау орындарында тұрып жатқаны хабарланды.