Катерге мінбек болған: Ақтауда теңізге құлаған әйелді құтқарушылар құтқарып қалды

Зардап шеккен азаматшаға медициналық көмек қажет болмаған.

Ақтауда құтқарушылар Каспий теңізінде қайғылы жағдайдың алдын алып, суға құлаған әйелді аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Скальная тропа ауданында профилактикалық рейд кезінде болған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызиметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, әйел катерге міну кезінде абайсызда теңізге құлап кеткен.

Оқиға орнында жақын маңда жүрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйелді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Зардап шеккен азаматшаға медициналық көмек қажет болмаған. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға шағын көлемді су көліктеріне мініп-түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және су айдындары маңында барынша сақ болуға шақырды.