Оқиға Қостанайда Қорған көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтердегі жөндеу кезінде тегіс ұңғылы қарудан абайсызда оқ атылған. Қазір қарулы оқиға бойынша полиция тексеру жұмысын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz TobolInfo басылымына сілтеме жасап.
Соның салдарынан оқтың ізі анықталып, көрші пәтердің кіреберіс есігі зақымданған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері келіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Олар пәтердің есігін ашып, оқиға болған жерді тексерді.
Тексеру барысында пәтерден қару табылған жоқ. Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын, қару иесінің қайда екенін, сондай-ақ қарудың шығу тегі мен оны сақтаудың заңдылығын анықтап жатыр.
Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.