Петропавл қаласында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық істер қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мультимедиялық ақпараттық порталы хабарлады. Олардың мәліметінше, қаладағы екі құрылыс нысанға тексеру жүргізілген. Соның барысында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты жоқ 11 Өзбекстан азаматы анықталған.
Құқық қорғау органдары аталған жұмыс берушілер бұған дейін де шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Осыған байланысты бұл жолы олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.
"Жұмыс берушілер бұған дейін де осындай заңбұзушылықтар үшін жауапқа тартылғандықтан, бұл жолы оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.