Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы «Көгілдір шығанақ» демалыс аймағында Каспий теңізіне батып, 2001 жылы туған екі жігіт көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған.
Полицияның хабарлауынша, олардың мәйітін құтқарушылар теңізден алып шыққан. Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуға және ауа райы қолайсыз кезде теңізге түспеуге кеңес берді.