Айнұр Тұрсынбаева Түркияда шелпек таратты (видео)

Бейнежазбадан ақын 500 шелпекті өзі пісіргенін көруге болады.

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева Түркияда қазақтың шелпегін таратты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақынның айтуынша, тамақтану орнын ашып, мейрамхана ісін қолға алған. Бейнежазбадан ақын 500 шелпекті өзі пісіргенін көруге болады.

«Қасиетті жұма күні түрік, қазақ, өзбек бауырлас ағайынға қазақтың дәмді шелпегін тараттық... Ниетіміз берекелі асханамызды насихаттау еді, қабыл болсын. Өткенде Алматы облысының ауылында қазақша гамбургер жасап таратқан едік. Алла береке берсін», - деді ақын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.