Қылмыстық іс қозғалды: Түркістан облысында бойжеткенді алып қашпақ болған

Қазір аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысында полиция қызды еркінен тыс алып қашып бара жатқан көлікті тоқтатты. Бойжеткен көлік ішінен қолын бұлғап, көмек сұраған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Отырар арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Kia маркалы көлікті тоқтатып, ішінде болған бойжеткенді құтқарып қалды.

Көлік тоқтатылған бойда ол салоннан жүгіріп шығып, полиция қызметкерлерінен араша сұраған.

Оқиғаға қатысты некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін бойжеткен болашақ жұбайымен қарым-қатынасы өзара келісімге негізделгенін айтып, болған жағдайды араларындағы жанжалдың салдары деп түсіндіріп, арыз жазудан бас тартқан.