Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 7-9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. 7 және 9 ақпанда жаяу бұрқасын болжанады. 7-8 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. 8 ақпанда желдің екпіні 23 м/с күшейеді. 7 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. 8 ақпанда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с құрайды. 8-9 ақпан күндері аталған өңірлерде түнде ауа температурасы -10-20 градусқа күрт төмендейді. 7-9 ақпан аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. 8 ақпанда желдің жылдамдығы 23-28 м/с артуы мүмкін.