Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

1 сағат 49 минутқа созылған тартысты кездесуде Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады , – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында франциялық Лоис Буассонды 2:1 есебімен жеңді. 

1 сағат 49 минутқа созылған тартысты кездесуде Елена Рыбакина жеңіске жетті. Осылайша, теннисші екінші айналымға өтті.

Александр Бублик те Уимблдонның екінші кезеңіне өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакисті 5 сетке созылған матчта 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.