«Тату болғанымызды қалаймын...»: Тұрсын Алагөзовтің ұлы Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасы туралы айтты

Ол әкесінің қазіргі отбасымен жақсы араласатынын, қарым-қатынасы сыйластыққа негізделгенін атап өтті.

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен Алагөзов тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол бизнес, отбасы туралы сұраққа жауап берді. Сонымен қатар Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасы жайлы айтты. Ол әкесінің қазіргі отбасымен жақсы араласатынын, қарым-қатынасы сыйластыққа негізделгенін атап өтті.

“Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасымыз сыйластыққа негізделген. Қарым-қатынасты сенімге құрып, бір-бірімізді тыңдап, естуге тырысып жүрміз. Менің ойымша, әр тарап бір-біріне қарай қадам жасауы керек. Өз тарапымнан Баян Мақсатқызының, Айару мен Айсәуленің маған сенім артуы үшін әрекет етіп жүрмін. Менің тарапымнан көбірек әрекет, көбірек ықылас керек болғанын түсіндім. Бәріміздің тату болғанымызды қалаймын. Қанша күрес, түсініспеушілік болды, енді ешқандай ұрыс болғанын қаламаймын. Сондықтан өзімнің сабырлы болуым керек екенін түсіндім”, – дейді ол.

Сонымен қатар Арсен Алагөзов сән қуып, бренд киім киюге қызықпайтынын жасырмады. Ол сұхбаттан кейін желі қолданушыларының ықыласына бөленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.