Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзін сынап жатқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жақында екінші рет отбасын құрған әнші желідегі жұрттың әңгімесі жанына батқанын жасырмады.
"Ееехххх… Threads-ке кірсек тергеп жатыр, Инстаға кірсек илеп жатыр, ТикТокқа кірсек тиісіп жатыр… Біздің бақытымызды көре алмайтындай не істеп қойдық екен?! Менің де бақытты өмір сүргім келеді ғой. Сұхбат бермесем болмайтын сияқты…", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев жақында өзінен он бес жас кіші сүйіктісімен бас қосқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.