Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында eGov Mobile қосымшасында әрбір отбасының толыққанды цифрлық профилі жасалатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты
Оның сөзінше, мұндай терең мониторингтің басты мақсаты – отбасылардың қаржылық қиындықтарын дер кезінде анықтап, мемлекет тарапынан жедел әрі атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Нәтижесінде, 22 жағдайды бағалаудың жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.
"Цифрлық карта отбасы" жобасы алғаш рет 2022 жылдың қыркүйегінде іске қосылған болатын.
Бұған дейін жүйе негізінен әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға қатысты деректерді жинақтап келген. Енді оның функционалы кеңейіп, азаматтардың қаржылық жағдайын толық қамтитын болады.