Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында Конституция аллеясы ашылды

Бұл туралы Конституциялық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кеше, Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне орай Астанада жаңа Конституция аллеясы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аллея Мәңгілік ел даңғылында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық сот ғимаратының жанында орналасқан.

"Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру игі дәстүрге айналды. Дегенмен бұл аллеяның өзіндік ерекше символдық мәні бар. Аллеяның дәл осы күні ашылуы елдің жасампаздыққа ұмтылысын, жайлы қалалық ортаны дамытуға деген ниетін және мемлекеттің әл-ауқатына ортақ жауапкершілікті білдіреді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.