Astana LRT-ға ресми түрде жаңа атау берілді

Компания инфрақұрылымның барлық элементі кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтты.

 Астана әкімі Astana LRT атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойды. Бұл шешімге жаңа атау ретінде Tarlan Astana нұсқасын ұсынған ономастика комиссиясының қорытындысы негіз болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Бұған дейін бұл атауды қалалық мәслихат депутаттары да қолдаған.

"Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Tarlan Astana" атауы берілсін. Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", – делінген әкім қаулысында.

LRT операторы City Transportation Systems (CTS) компаниясы да атаудың өзгергенін растады. Стансалардың электрон дисплейлерде жаңа атау көрсетіле бастады.