Астанада LRT рельсіндегі электр кабельдері өртенді (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті.

Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT рельсіндегі электр кабельдері өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді.