«Көңілім тыныш»: Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесі болашақ құдағиымен құдалық, той және қыз жасауы жөнінде келісімге келгенін айтты.

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатуға дайындалып жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі болашақ құдағиымен құдалық, той және қыз жасауы жөнінде келісімге келгенін айтты. Ол екі жасқа керек дүниені ғана алуды жоспарлап отырғанын жасырмады.

«Болашақ құдағиыммен киіт-миіт, бықи-тықи, ұсақ-түйек нәрселерді жасамай-ақ қояйық деп келістік. Қажет, маңызды дүниелерді ғана жасаймыз. Қыздың артынан баратын көрпе-төсек, сандық секілді заттар болмайды. Оның орнына өзіне күнделікті қажет болатын дүниелерді апарамыз деп шештік. Мата, киім сияқты қолдан-қолға өтіп, ел аралап жүретін заттардан да бас тартуға келістік. Сондықтан қазір көңілім тыныш», – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.