Астана әуежайында автотұрақ тарифі қымбаттайды

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, автотұрақ тарифі 2023 жылдан бері өзгеріссіз сақталған.

2026 жылғы 1 тамыздан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқамерзімді автотұрақтың құны сағатына 300 теңгеге өсті. Бұл қазіргі тарифтен 100 теңгеге көтерілген, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Әуежай әкімшілігі тарифті қайта қарауға автотұрақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жаңғырту шығынының артуы себеп болған. Екіншіден, енгізіліп отырған өзгерістер автотұрақ инфрақұрылымын жетілдіруге, терминал маңындағы көлік қозғалысын реттеуге және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен қатар әуежай ұзақмерзімді тұраққа арналған жаңа автотұрақ аймағын іске қоспақ. Бұл аймақта тұрақ ақысы сағатына 100 теңге болады. Осылайша, жолаушылар мен шығарып салушылар өз қажеттілігіне қарай тиімді тұрақ нұсқасын таңдай алады. Бұған қоса, келушілерге арналған 100 орындық тегін автотұрақ бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады.

Десе де, әлеуметтік жеңілдіктер де сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.