Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: Интернеттен алынды
5,166
оқылды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. АҚ ҮЙ ВАШИНГТОН (Бейресми аударма) 20 наурыз 2020 жыл Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұр-Сұлтан қаласы Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам. Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын! Ізгі тілекпен Дональд Трамп   [caption id="attachment_30629" align="alignnone" width="723"] width= Фото: Берік Уәлидің парақшасынан[/caption]