Ақтөбеде 69 жастағы зейнеткер ауласында көкнәр өсірген. Полицейлер саяжай учаскесін тексеру барысында гүлзарға егілген 67 түп көкнәрді анықтап, тәркілеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық шарасы аясында Ақтөбе облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.
Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында есірткі немесе психотроптық заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге тыйым салынғанын еске салады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығы ескертілді.