Ақпараттық саясатты жетілдіру – басты бағыт

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­қа мәдениет, ақ­па­рат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ аза­мат­тар­дың тұрмыс сапасын көтеруді көз­дейтін мем­ле­кет­тік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.

Вице-премьер заңнаманы жаңа Ата заңға сәй­кес­тен­діру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифр­­лық кеңістікті ілгерілету, аза­мат­тық қоғам институттары­мен өза­ра іс-қимылды нығайту, сондай-ақ от­басы және жас­тар саясаты, волон­тер­лік қызмет пен қоғамдық ба­қы­лау са­лаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысына жаңа бі­лім, ғылыми-ағар­ту­шы­лық және шы­ғармашылық нысандарын құру, дәс­түрлі өнер­ді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында елі­міз­дің мәдени инфрақұрылымын жандандыру жө­нін­дегі ұсыныстар айтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мә­се­ле­леріне айрықша на­зар аударылды. Аида Балаева бі­лім, ғы­лым, денсаулық сақтау, әлеу­мет­тік қорғау, жұмыспен қам­ту, спорт және туризм салаларын өр­кен­дету жайында әңгімеледі. Ве­до­мствоара­­лық ықпалдастықты кү­шей­­туге, мемлекеттік қызметтердің са­пасы мен қолже­тім­ділі­гін арт­тыру­ға, адами капиталды дамытуға, зама­науи цифр­лық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұры­лы­мын қалыптастыруға ерекше мән бе­рілді.

Президент мәдениет, ақпараттық сая­сат, оқу-ағарту, әлеу­меттік қам­та­масыз ету және денсаулық сақтау сияқ­­ты маңызды салалардағы Үкі­меттің атқарған жұмысы ту­ра­лы Пре­мьер-министр орынбасарының ақ­паратын оң бағалады.

Сонымен бірге Мемлекет басшы­сы өзекті әлеуметтік мә­­­­селелерді же­дел шешу үшін тиісті ведомстволар жұ­мы­­­­­сын одан әрі жандандыру қа­жет екеніне назар аударды.